Өмірбаяны

Жеке парағы
ТАРАСЕНКО Елена Ивановна
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1956 жылы Атырау облысында туған. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Еуразиялық академияны бітірген. «Нұр Отан» Халықтық - Демократиялық партиясының мүшесі.

Институтты бітіргеннен кейін Индер ауданының М. Әуезов атындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1980 – 1987 жылдары Орал қаласындағы № 20 орта мектепте мұғалім, мектептен тыс, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы болып істеген.

1987 – 1994 жылдары – Зашаған кенттік кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары.

1994 – 1995 жылдары – Зашаған кенттік әкімшілігі басшысының орынбасары.

1995 – 1996 жылдары – Зашаған кенттік әкімшілігінің басшысы.

1996 – 1997 жылдары – Зашаған кентінің әкімі.

1997 – 2004 жылдары – Орал қаласы әкімінің орынбасары.

2004 – 2007 жылдары – ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 – 2011 жылдары – ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Папрламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Тұрмыста, қызы және немересі бар.

Жеке парағы