Өмірбаяны

Жеке парағы
НИКИТИНСКАЯ Екатерина Сергеевна
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1955 жылы Алматы қаласында туған. С. М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін (1977) бітірген, экономист, экономикалық ғылымдар докторы.

Университетті тамамдағаннан кейін Қазақстан ғылымдар академиясында аға-ғылыми қызметкері болды.

1991-1993 жылдары ҚазССР мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитетінің аралас меншік бөлімінің бастығы орынбасары қызметін атқарды.

1993-1994 жж. – «Атакент» АҚ вице-президенті.

1994-1995 жж. – «Таңдау» ЖШС бас директоры.

1995-1996 жж. – Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитетінің Төраға орынбасары.

1997 жылы Қазақстан Республикасы стратегиялық ресурстарын бақылау Агенттігінің бақылау-ревизиялық департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

1997-1998 жж. – «Хабар» Агенттігі» РМК қаржы бойынша директоры.

1998-2001 жж.– «Essex Commercial Corporation» елшілігінде кеңесші.

2001-2004 жж. – «Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер конфедерациясы» Қауымдастығының орындаушы директоры.

2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Аппарат басшысының бірінші орынбасары, Төраға орынбасары.

2007-2012 жж. – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ Басқарма төреағасының бірінші орынбасары.

2009-2012 жж. – «Астана қ. «Атамекен» Одағы» экономикалық палатасы» ЗТБ Төреағасының бірінші орынбасары.

2009-2012 жж. – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының қаржылық және салықтық кеңесшілер палатасы» ЖШС бас директоры.

2009-2012 жж. – «Қазақстан индустриалды палатасы» ЗТБ бас директоры.

2012-2016 жж. - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Фракция Басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

2016 ж. 20- ші наурыз айынан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Фракция Басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Бір ұлы және екі немересі бар.

Жеке парағы