Өмірбаяны

Жеке парағы
ТІЛЕУХАН Бекболат Қанайұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.

Білімі жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «концерттік орындаушы» мамандығы бойынша,

1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.

1996-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі.

2001-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің төрағасы.

2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі.

2004-2007 жж. - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2007-2011 жж. – ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

«Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі» атағын алған (1996 ж.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1998 ж.), «Парасат» орденімен (2005 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Үйленген, алты ұлы, бес қызы бар.

Жеке парағы