Өмірбаяны

Жеке парағы
ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1967 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы.

Білімі: жоғары, ғылым кандидаты

1984 – 1991 ж.ж. – М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (РФ, Свердловск қаласы);

1995 – 1996 ж.ж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы);

1998 – 2000 ж.ж. Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы);

2011ж. – қазіргі кезде – РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын Қиыр Солтүстік протында жұкші болып бастады, әскер қатарында қызмет етті.

1991 ж.ж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің инструкторы.

1992 – 1995 ж.ж. – Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1996 – 1998 ж.ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1998 – 2005 ж.ж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ Бас директорының орынбасары – вице-Президенті.

2006 ж.ж. – Қазақстанның Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы.

2006 – 2011 ж.ж. «Атамекен» ҚҰЭП Басқармасының төрағасы.

2011 жылғы шілдеден бастап – «Ақ жол» ҚДП Төрағасы.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап – бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Наградалары:

- ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2008 ж.)

- «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.).

- «Мәдени бастама» жас ғалымдардың кеңес-америка қоры сыйлығының лауреаты (1991 ж.).

- Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасы (1987 ж.).

Үйленген, төрт баласы бар.

Жеке парағы