Өмірбаяны

Жеке парағы
ӘЛИЕВ Жұматай
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1952 жылы Жамбыл облысында туған. Ленинград мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, философ, экономист. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі.

Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтында мұғалім болып еңбек еткен.

1977-1982 жылдары ҚЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, ҚЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің екінші хатшысы, ҚКП Алатау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған.

1982-1983 жж. – Алматы қалалық сүт зауытында аға технолог- инженер, бас инженердің орынбасары.

1983-1997 жж – Алматы сәулет және құрылыс институтында аға оқытушы, Алматы мал дәрігерлік институтының әлеуметтік-экономика пәндері кафедрасының меңгерушісі, ҚазМАУ гуманитарлық даярлау орталығының басшысы.

1997-2001 жж. – Орталық Азия университетінің президенті, ректоры.

2001-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

2008-2012 жж. – Орталық Азия университетінің қамқоршы кеңесiнің төрағасы, профессор, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы.

2012 жылдың қаңтарынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

III, II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Неміс, ағылшын, орыс, қазақ тілдерін біледі.

Үйленген, балалары және немерелері бар.

Жеке парағы