Өмірбаяны

Жеке парағы
ҮМБЕТОВ Серік Әбікенұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1950 жылғы 19 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Прудки ауылында туған.

Алматының зоотехникалық - малдәрігерлік институтын «зоотехния» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1968 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы «Амангелді» совхозының жұмысшысы болып бастаған.

1974-1985 жылдары – Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы совхоздың бригадирі, бөлімше меңгерушісі, бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшысы.

1985-1992 жылдары – Алматы облысы Күрті ауданы «Желтораңғы» совхозының директоры, Кеген ауданы агроөнеркәсіптік кешені бірлестігінің төрағасы, Күрті ауданы Т. Бокин атындағы совхоздың директоры.

1992-2004 жылдары – Алматы облысы Күрті ауданы әкімшілігінің басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Алматы облысының және Жамбыл облысының әкімі қызметтерін атқарған.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрі.

2005-2011 жылдары – Алматы облысының әкімі. 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы.

2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2016 жылғы наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен және Ұлттық олимпиада комитетінің алтын орденімен марапатталған.

Үйленген, төрт баласы бар.

Жеке парағы