Өмірбаяны

Жеке парағы
ШИШИГИНА Ольга Васильевна
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1968 жылы Алма-Аты қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген.

1987 - 1992 жылдары – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарған.

1992 - 1994 жылдары – Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде оқыған.

1994 - 2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.

1994 жылы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

1994, 1998 жылдары - XII және XIII Азия ойындарының жеңімпазы.

1996 жылы – жазғы және қысқы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері.

1998 жылы – жазғы және қысқы әлем чемпионаттарының алтын және күміс жүлдегері.

1999 жылы – Азия чемпионы. Жеңіл атлетикадан Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

2000 жылы – жеңіл атлетикадан XXVII Олимпиада ойындарының чемпионы (Сидней).

2001 жылы – әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2013 жылғы 22 қаңтардан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет», I дәрежелі «Барыс», II дәрежелі «Достық» ордендерімен, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған.

Ағылшын тілі (сөздікпен).

Отбасылы. Ұлы бар.

Жеке парағы