Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Иманбергенова Зәуре Тұрсынқызы
Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1967 жылы 29 қарашада туған.

Білімі жоғары: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және «Туран» университетін бітірген. Философ-саясаттанушы; экономист.

Еңбек жолын 1990 жылы Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институты саясат тарихы кафедрасының оқытушысы болып бастады.

1993-1995 жылдары – Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институты саясаттану кафедрасының аспиранты. 1995-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясында инспектор, маман, жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2000-2008 жылдар аралығында – «Продкорпорация» АҚ бас маман, жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы, қаржы басқармасы бастығының орынбасары, қаржы қызметі басшысының орынбасары, стратегиялық даму қызметі басшысының орынбасары.

2008-2010 жылдары – «ҚазАгроКепіл» АҚ қаржы-экономикалық қызметінің жетекшісі, Қаржы департаментінің бастығы. 2012 жылдың қазан айынан бастап – Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.