Өмірбаяны

Жеке парағы
ЖЫЛҚЫШИЕВ Байділдә
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1952 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Корниловка ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын бітірген, мамандығы бойынша ғалым агроном.

Еңбек жолын 1974 жылы облыстық ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы совхоз-техникумының оқытушысы болып бастаған.

1980−1981 жылдары Сайрам ауданы «Сельхозхимия» ауданаралық бірлестігінің аға агрономы.

1981−1984 жылдары Шымкент облыстық агроөнеркәсіп бірлестігінің дала жұмыстары бөлімінің бас агрономы, бөлім бастығы.

1984−1989 жылдары Шымкент облыстық жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық партия комитеті ауылшаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің нұсқаушысы.

1989−1993 жылдары Қазақстан Компартиясы Келес аудандық партия комитетінің екінші, хатшысы, Қазақстан Компартиясы Келес аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Халық депутаттары Келес аудандық кеңесінің және атқару комитетінің төрағасы.

1993−1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

1999−2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі.

2002−2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі.

2006 жылғы ақпаннан 2016 жылғы наурызға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап − алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы Төралқасының мүшесі, «Құрмет» орденімен (2006) және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл»,(2005), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016) мерекелік медальдарымен марапатталған. 29.04.2002 ж., және 05.11.2003 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің мүшесі болып тағайындалған. Үйленген, төрт баласы бар.

Жеке парағы