Өмірбаяны

Жеке парағы
ЗВОЛЬСКИЙ Сергей Адамович
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1963 жылғы 22 маусымда Көкшетау облысы Чкалов ауданының Калиновка ауылында дүниеге келген.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын үздік белгімен бітірген.

1985 жылдан – Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай атындағы совхоз бригадасының комбайншысы.

1985-1987 жыдары – Кеңес Армиясы қатарында қызмет өткерген.

1989 жылдан – Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай атындағы совхоздың машина-трактор шеберханасының меңгерушісі.

1989-1995 жылдары – Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай атындағы совхоздың бас инженері.

1995-1998 жылдары – Абай атындағы ұжымдық кәсіпорынның төрағасы.

1998-2016 жылдары – «Звольский С.А.» шаруа қожалығының басшысы.

2003-2011 жылдары – Тайынша ауданы мәслихатының депутаты.

2002-2016 жылдары – «Астық-STEM» ЖШС-ның директоры.

2008-2016 жылдары «Астық-Қараағаш» ЖШС-ның директоры.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, II дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Отбасы, екі баласы бар.

Жеке парағы