Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚАНЫБЕКОВ Сәкен Әсембекұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
Оңтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Георигевка ауылында 1966 жылы 26 тамызда туған.

Білімі жоғары, Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетін экономист мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысы Талғар ауданының Мичурин атындағы колхоз мүшесі болып бастаған.

1992-1994 жылдары Алматы қаласы «Бақтілеу» фирмасының цех бастығы.

1994-1995 жылдары Алматы қаласы «Бақтілеу» фирмасы директорының коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары.

1995-2000 жылдары Алматы қаласы «Заман» ЖШС директорының орынбасары.

2000-2001 жылдары Шымкент қаласы «Корпорация НИМЭКС» ЖШС-нің аға менеджері.

2001-2005 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы директоры.

2005-2006 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС-нің Шардара ауданы мақта зауытының директоры.

2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары.

2006-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі.

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2010-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы мәслихатының депутаты.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат.

2016 жылы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланды, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Үйленген, төрт баласы және төрт немересі бар.

Жеке парағы