Өмірбаяны

Жеке парағы
ТЕМІРЖАНОВ Мұрат Баритұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1977 жылы 18 тамызда Ақмола облысы Бурабай ауданы Наурызбай батыр селосында туған.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген, АӨК салаларындағы инженер-экономист; Қазақ гуманитарлық заң университеті, юриспруденция бакалавры.

1998-2000 жж. Көкшетау қаласы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалар бөлімінің салық инспекторы.

2000-2001 жж. Ақмола облысы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бас салық инспекторы.

2001 ж. Ақмола облысы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.

2001-2006 жж. «Рамут» ЖШС қаржылық директоры.

2008-2011 жж. «Баймырза-Агро» ЖШС бас директоры.

2008-2013 жж. «Рамут корпорациясы» ЖШС қаржылық директоры, бас директоры, Көкшетау қ.

2013-2014 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Астана қ. – Консультант

2014-2016 жж. «AgroInterTech» ЖШС бас директоры, Көкшетау қ.

2012-2013 жж. 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы. Ақмола облысы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.

2015-2016 жж. 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. ФМБ НЗМ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы бойынша «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшесі.

03.2016 жылдан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Белсенді азаматтық ұстанымы үшін: «Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихатына 20 жыл» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Жеке парағы