Өмірбаяны

Жеке парағы
КОЗЛОВ Евгений Александрович
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1960 жылы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында дүниеге келген.

1967 жылы № 1 орта мектебінің 1-сыныбына барып, 1975 жылы сол мектептің 8-сыныбын бітірген. Сол жылы №8 қалалық кәсіптік-техникалық училищесіне «мебель жасаушы – ағаш ұстасы» мамандығы бойынша оқуға түскен.

1978 жылы №8 қалалық кәсіптік-техникалық училищесін бітіріп «4 разрядті мебель жасаушы – ағаш ұстасы» мамандығын алды. №8 қалалық кәсіптік-техникалық училищесін бітірген соң Өскемен қаласындағы мебель фабрикасында ағаш ұстасы болып еңбек жолын бастады.

1979 жылы сәуірде Кенестер Одағының әскері қатарына шақырылды. Әскер қатарынан босаған соң, 1981-1983 жылдары Ташкент қаласындағы КСРО ІІМ-не қарасты милиция мектебінде курсант болып, үздік дипломмен аяқтады.

1983 жылы қыркүйек айыннан бастап Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер органында қызмет етті.

1991 жылы КСРО ІІМ Қарағанды қаласындағы жоғарғы мектебін тамамдап құқықтану мамандығына ие болды.

1989 жылы қазан айына дейін жедел оперативтік қылмыстық іздестіру бөлімінде жумыс істеді, ал 1989 жылғы қазан айынан бастап Өскемендегі Үлбі ауданының АІІБ тергеушісі болған.

1991 жылдың қараша айынан бастап АІІБ аға тергеуші болып жұмыс істеген.

1992 жылдын желтоқсан айынан бастап 1994 жылға дейін Өскемен қалалық ішкі істер бөлімінде аға-тергеуші болып жумыс істеген.

1994 жылы желтоқсан айынан бастап Өскемен қаласындағы Октябрь ауданының сотына әкімшілік және іс орындаушының сот қызметкері болып тағайындалды.

1995 жылдың қыркүйек айынан бастап осы аудандық сотта халық соты болып жумыс істеді.

1996 жылдың қараша айынан бастап 1998 жылдың шілде айына дейін Шығыс Қазақстан облыстын сотының судьясі болып жумыс істеді.

1998 жылы тамыз айынан 2008 жылы мамыр айына дейін Өскемен қаласының қалалық сотында судья болып жумыс істеді.

2008 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың қантар айына дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотынын судьясы болып жумыс істеген.

2016 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Жеке парағы