Өмірбаяны

Жеке парағы
МАХАМБЕТОВ Мансұрхан Махамбетұлы
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1965 жылғы 24 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – «Құқықтанушы». Аға әдiлет кеңесшiсi. Қаржы полициясының полковнигі.

Еңбек жолын 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Киров совхозының № 2 бөлімшесінің жұмысшысы болып бастады.

1984-1991 жж. – Қарағанды мемлекеттік университеті құқықтану мамандығы бойынша студенті. 1986-1988 жж. – КСРО Қарулы күштерінде қызмет атқарды.

1991-1996 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы прокуратурасының тағылымгері, Түркістан қаласы прокурорының көмекшісі, Түркістан қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, Сайрам ауданы прокуратурасының тергеушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі.

1996-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры (жаңа құрылымның енгізілуіне байланысты), Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқармасының аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының құқықтық ақпарат жөніндегі аға көмекшісі, Шымкент көлік прокурорының аға көмекшісі.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Алдын ала тергеудің және анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті Қаржы полициясы органдарындағы және ҰҚК-дағы алдын ала тергеудің, анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті Арнайы прокурорлар басқармасында Бас прокурордың аға көмекшісі.

2003-2011 жж. Павлодар облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Түркістан қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының прокуроры.

2011-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Өңірлік көлік басқармасының бастығы.

2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті 1-ші басқармасының (тергеуді және анықтауды ұйымдастыру және оларды бақылау жөніндегі басқармасының) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының бірінші орынбасары.

2015-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы басқармасының аға прокуроры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап –ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

2017 жылғы 15 наурыздан бастап Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Наградалары:

«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016)

«Астана 20 жыл» (2018)

Үйленген, төрт баласы бар.

Жеке парағы