Өмірбаяны

Жеке парағы
ЕРЖАН Құдайберген Төлепұлы
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1959 жылы Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Октябрь ауданының Тимирязев атындағы совхозында туған. Алматы халық шаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы облыстық нормативтік зерттеу станциясында агроном-экономист болып бастаған. 1983-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етті. 1986-1988 жылдары Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Фариш ауданы Қызылқұм совхозында бас бухгалтерінің орынбасары, Алматы қаласында Геодезиялық зерттеу кәсіпорнының топография-геодезиялық жұмыстары бойынша жұмысшысы, «Казбытрадиотехника» өндірістік бірлестігінің ревизоры, «Гарант» өндірістік бірлестігінің ревизоры, аға ревизоры, «Еңбек» кооперативінің бухгалтері, 1998-1992 жылдары Алматы қаласы «Ритм» жастар ғылыми-техникалық шығармашылығының Москва аудандық орталығының бас бухгалтері, «Сабаз» КЖК директоры, Алматы қаласының «Центрбанк» банк филиалдарының директорлары, 1998-2012 жылдары «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының құрылымындағы директоры және төрағасы.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болған.

Жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін «Құрмет» ордені мен «Шапағат» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», мерекелік медальдарымен наградталған.

Отбасылы. 2 ұл баласы бар.

Жеке парағы