Өмірбаяны

Жеке парағы
ЖҰМАДІЛДАЕВА Наталья Васильевна
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1965 жылғы 29 наурызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келді.

Н.П. Огарев атындағы Мордва мемлекеттік университетін бітірген, филолог.

1987-2013 жылдары – Қызылорда және Алматы қалаларының орта мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі, сондай-ақ Қызылорда қаласының орта мектептерінде директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарған.

2013-2015 жылдары – әдіскер, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары – Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қызылорда облысына – 70 жыл» медальдарымен және «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

Тұрмыс құрған, бір ұлы бар.

Жеке парағы