Өмірбаяны

Жеке парағы
ЧИРКОВ Михаил Владимирович
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1954 жылы 7 қыркүйекте Красноярск өлкесінің Рыбин ауданы Ирша селосында (РФ) туған.

А.М.Горький атындағы Орал мемлекеттік университетін бітірген (Свердловск қаласы, 1977 ж.), журналист.

Университетті бітіргеннен кейін «Горницкая правда» газетінің тілшісі болып жұмыс істеген (1977-1978 жж.);

1978-1979 жж. - «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі.

1980-1981 ж. - Корсаков мұхиттан балық аулау базасының матросы.

1981 ж. - «Целиноградская правда» газетінің тілшісі.

1981-1985 жж. - «Звезда Прииртышья» газеті редакциясының тілшісі, бөлім меңгерушісі.

1985-1990 жж. - Қаз ТАГ-тің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

1990-1994 жж. - ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының консультанты, референті, баспасөз қызметінің консультанты.

1994-1995 жж. - ҚР Министрлер Кабинеті баспасөз қызметінің басшысы.

1995-1997 жж. - ҚР Президенті баспасөз қызметінің консультанты.

1997-2003 жж. - Ақмола қаласы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі, ақпараттық-талдау тобының басшысы – басшының орынбасары, бас инспекторы;

2003-2004 жж. - ҚР Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бөлім бастығы, баспасөз хатшысы.

2005 ж. қыркүйек – желтоқсан - ҚР Президенті қызметіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб аппараты жетекшісінің орынбасары.

2005-2008 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының бас сарапшысы.

2008 ж. - «Нұр Отан» ХДП төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2009 жылғы қыркүйек - 2014 жылғы маусым – ҚР Қорғаныс министрлігі БАҚ- мен жұмыс және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің бастығы.

2014 жылғы маусым - 2014 жылғы желтоқсан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі.

2014 жылғы желтоқсан - 2016 жылғы наурыз – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

Атташе - дипломатиялық рангасы бар.

«Құрмет» орденімен, «Мемлекеттік қызмет үздігі» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.

1986 жылы КОТА жүйесінде Кеңес Одағының үздік тілшісі болып танылған.

Үйленген, ұлы және қызы бар.

Жеке парағы