Өмірбаяны

Жеке парағы
БОПАЗОВ Марат Дәрібекұлы
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1963 жылғы 1 маусымда Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған селосында туған.

1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Семей қаласының геологиялық-барлау техникумында оқытушысы болып бастаған.

1989-1990 жж. «Облсуқұбыры» Талдықорған облыстық басқармасының бұрғылау қондырғыларының машинисі.

1990-1993 жж. «Облсуқұбыры» Талдықорған облыстық басқармасының шебері.

1993 ж. маусым – қыркүйек. Ұлттық-мәдени ұйымдарды қолдау жөніндегі қордың Талдықорған облыстық бөлімшесі директорының орынбасары.

1993 ж. қараша - 1994 ж. қазан. Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маманы.

1994 ж. қазаннан бастап Талдықорған қаласы әкімдігінің құрылыс және абаттандыру басқармасы бастығының орынбасары.

1996 ж. Талдықорған қаласы әкімдігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

1998 ж. «Коммунальник» РМКК бастығы.

1999 - 2016 жж. Талдықорған қаласы қалалық мәслихатының хатшысы (ІІ - V сайланымдар).

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалары: Қазақстан Республикасы Президентінің тәуелсіздік күніне арналған алғыс хаты (2001 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2002 ж.); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.); «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006 ж.); «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулиннің «Ең үздік партиялық пост» номинациясы бойынша 2-ші орын иегері дипломы (2010 ж.); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2011 ж.); «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулиннің құрмет грамотасы (2011 ж.); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрмет грамотасы (2013 ж.); «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2014 ж.); Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасы (2014 ж.); «Алматы облысы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.).

Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы