Өмірбаяны

Жеке парағы
УНЖАКОВА Ирина Сергеевна
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1964 жылы Ресей Федерациясы Иркутск облысының Усть-Куте қаласында туған. 1983 жылы - Өскемен құрылыс техникумын, 1988 жылы - Өскемен құрылыс-жол институтын, ал 2011 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Белогорск тау-кен байыту комбинатында сылақшы-сырлаушы болып бастаған.

Институтты бітіргеннен кейін Өскемен құрылыс техникумының комсомол комитетінің хатшысы, технологиялық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1992-1997 жж. – Жастар істері жөніндегі комитеттің, Өскемен қаласы әкімі аппаратының жастар істері, туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы, бас маманы.

1995-1997 жж. – «Информ-коктейль», «Витрина» және «Леди-Лидер» телевизиялық бағдарламаларының тележаңалықтар журналисі, тележүргізушісі, редакторы, Өскемен қаласы.

1997-1998 жж. – Қалалық жастар қорының директоры.

1998-1999 жж. – Өскемен қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің консультанты.

1999-2016 жж. – «Status» Әйелдер федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, басқарма төрайымы.

Он жеті жыл ішінде кәсіпарын бала, әйел және отбасы мәртебесін көтеру өмір сүру сапасын көтеруге бағыттолған 87 әлеуметтік – қажетті жобаларды іске аспарды. Жұмыс барысында Израил, Австрия, Эстония, Польша, Қытай, Ресей, Индия елдерінде оқу және тағылымдамадан өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.

Әлеуметтік – саяси өмірде әйелдердіқ ролі мен орнына, Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу мен гендерлік саятсатқа арналған көптеген жарияланымдар, жинақтар, брошюралар бар.

Отбасы және бала мүддесіндегі әлеуметтік саясат бойынша ұлттық тренер. 2005 жылы Бейбітшілік Нобель сыйлығына номинацияланған әлемнің 1000 әйелінің құрамына кірген, Нобельдік Халықаралық акциясының ұйымдастырушы комитеті шығарған «Әлемді өзгерткен 1000 әйел» атты кітап кейіпкерлерінің бірі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

"Ерен еңбегі үшiн" медалімен (2016), «Астананың «10 жылдығы»(2008) және "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016) мерейтойлық медалдерімен марапатталған.

Тұрмыста, қызы бар.

Жеке парағы