Өмірбаяны

Жеке парағы
ХАМЕНОВА Бақытгүл Қайржанқызы
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
Атырау облысы Атырау қаласында 1981 жылы туған.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант; Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты.

1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.

2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.

2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі.

Наградалары:

- «Ыбрай Алтынсарин» төсбелгісі (2010 жыл)

- ҚР Президентінің алғыс хаты (2011 жыл)

- «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2013 жыл)

- «Қазақстан мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2014 жыл)

- «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2014 жыл)

- «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 жыл)

- «KAZENERGY» медалі (2015 жыл)

- «Экономика Мақтанышы» ордені (2015 жыл)

Екі баласы бар.

Жеке парағы