Өмірбаяны

Жеке парағы
АХМЕТОВ Сапар Қайратұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1965 жылы 27 қазанда туған.

Целиноград инженерлік - құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша; Еуразия гуманитарлық институтын «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқаруды дамыту".

Еңбек жолын 1990 жылы «Петропавл ауыл құрылысы» тресті №5 ЖМК-ның 2-ші разрядты тас қалаушысы ретінде бастаған.

09.1990 – 09.1991 ж.ж. «Петропавл ауыл құрылысы» тресті №5 ЖМК-ның шебері, аға өндірушісі ретінде жұмыс істеді.

01.1992 – 01.1997 ж.ж. Коммерциялық салаларда жұмыс атқарып, кәсіпкерлікпен айналысты.

01.1997 – 01.1998 ж.ж. «Ақмола-Жылжымайтын мүлік» күрделі құрылыс басқармасының техникалық бақылаушы инженері.

01.1998 – 03.1998 ж.ж. Ақмола қаласы әкімі аппараты экономикалық реформалар бөлімінің жетекші маманы.

03.1998 - 09.1998 ж.ж. Астана қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі.

09.1998 – 09.1999 ж.ж. Астана қаласы әкімі аппараты туризмді және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

09.1999 - 09.2001 ж.ж. Экономикалық талдау және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

09.2001 – 04.2002 ж.ж. Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.

11.2002 – 04.2004 ж.ж. Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары.

04.2004 – 09.2007 ж.ж. Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі.

09.2007 – 04.2008 ж.ж. Астана қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.

04.2008 – 02.2013 ж.ж. Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі.

02.2013 – 03.2016 ж.ж. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық. филиалы Төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылдың наурыз айынан VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» Партиясы Фракциясының мүшесі.

Наградалары:

«Құрмет» ордені (2008ж.)

Медальдар:

«Астана» (2000ж.)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.)

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005ж.)

«10 жыл Астана» (2008ж.)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.)

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.)

Ағылшын тілін біледі.

Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы