Өмірбаяны

Жеке парағы
РАУ Альберт Павлович
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1960 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысының Валерьяновка ауылында туған.

Рудный индустриялды институтын, Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1981 жылы Рудный индустриялды институты кәсіподақ комитетінің төрағасы болып бастады.

1982 – 1984 жж. – Кеңес әскерінің қатарындағы борышы

1984 – 1991 жж. – Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты Қоржынкөл кенішінің өндірістік учаскесінде электр механик, кәсіподақ комитетінің төрағасы

1991 – 1992 жж. – Лисаковск қалалық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің өндіріс бойынша бастығының орынбасары

1992 – 1993 жж. – Лисаковск қалалық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы

1993 – 1994 жж. – Лисаковск еркін экономикалық аймағы төрағасының орынбасары, төрағасы

1994 – 1995 жж. – Лисаковск қалалық әкімшілігінің басшысы

1995 – 2004 жж. – Лисаковск қаласының әкімі

2004 – 2007 жж. – Қостанай облысы әкімінің орынбасары

2007 – 2008 жж. – Астана қ. «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы

2008 – 2010 жж. – Ақмола облысының әкімі

2010 – 2014 жж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

2014 – 2017 жж. – ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі, бірінші вице-министрі

2017 жылғы 13 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі

Қазақстан Республикасының ІІ дәрежелі «Достық», ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерімен, ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен, І дәрежелі «Еуразия экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, Германия Федеративтік Республикасының «Еңбек сіңіргені үшін» крестімен марапатталған.

Жеке парағы