Өмірбаяны

Жеке парағы
СӘПИЕВ Серік Жұманғалиұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Қарағанды облысы Абай қаласында 1983 жылғы 16 қарашада дүниеге келген.

2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында борышын орындаған.

2003-2009 жылдары – Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған.

2011-2014 жылдары – тау-кен істерінің бакалаврі мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген.

2014-2016 жылдары – Қазақ спорт және туризим академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған.

2014 жылы – «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алған.

2004-2014 жылдары – келісімшарт бойынша мерзімнен тыс әскери қызметте болған.

2010-2012 жылдары – «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған.

2013-2014 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ спорт жөніндегі директоры.

2005-2013 жылдары бокс жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық командасының штаттында нұсқаушы-спортшы.

2014-2017 жылдары – ЖШС «Astana Arlans» КСК бас директоры.

2017 жылдың 28 ақпанынан бастап – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі.

Наградалары:

"Парасат" ордені (2008ж.),

"Отан" ордені (2012ж.),

"Астананың 10 жылдығы" меретойлық медалі (2008 ж.),

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» меретойлық медалі (2016 ж.),

Жетістіктері:

Бокс бойынша «Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген шебері».

2005 және 2007 жылдары әлем чемпионы.

2004 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы.

2007 және 2009 жылдары Азия чемпионы.

2010 жылы Азиялық ойындарының чемпионы.

2012 жылы Олимпиалық ойындарының чемпионы.

Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген қызметкері.

Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі.

Үйленген, үш баласы бар.

Жеке парағы