Өмірбаяны

Жеке парағы
МЫҢБАЙ Дархан Қамзабекұлы
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Келтемашат ауылында дүниеге келді.

1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.

2006 жылы Шымкент университетінде экономист мамандығын алды.
Техника ғылымдарының кандидаты (геоэкология).
Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі
1978-1979 жж. – Сайрам ауданындағы «Қайнарбұлақ» совхозының жұмысшысы.
1985-1990 жж. – ҚазТАГ редакторы, аға редакторы, аға бақылаушы әдеби редакторы.
1990-1994 жж. – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің аға кеңесшісі, аға референті.
1994-1996 жж. – «Өркениет-Горизонт» республикалық газеттерінің бас редакторы.
1996-1997 жж. – «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті.
1997-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2004 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы.
2004-2006 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі
2005-2008 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008 ж. – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2008-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
2013-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.
2017-2018 жж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі.
2018 жылғы 13 ақпаннан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

«Құрмет» (2009), «Парасат» (2017) ордендерінің, «Астана» (1998), «10 жыл Астана» (2008) медальдарының, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерекелік медальдарының иегері.

Отбасылы, екі ұлы және екі қызы бар.

Жеке парағы