Өмірбаяны

Жеке парағы
ӘШІМБЕТОВ Нұржан Кемерұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1969 жылы 26 маусымда Павлодар облысы Лебяжинский ауданы Черное ауылында дүниеге келген. Алматы зооветеринария институтын (1993ж.), зооинженер мамандығы бойынша, сондай-ақ, Алматы экономика және статистика институтын (2002ж.), бухгалтер-экономист мамандығы бойынша және Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын (2014ж.), мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған.

1993-1994 жылдары «Сауле» концернінің қызметкері, Павлодар қ.

1994-1995 жылдар - «Мақсат» жастар тұрғын кооперативінің мүшесі.

1995-1996 жылдар – Мемлекеттік мүлік бойынша Павлодар аумақтық комитетінің маманы, бас маманы.

1995-1996 жылдар - USAID жобасы шегіндегі «Карана» корпорациясының кеңесшісі.

1996-1997 жылдар - «Remek» консалтингтік фирмасының директоры.

1997-1998 жылдар - К. Ашимбетов атындағы өндірістік кооперативтің төрағасы.

1998-1999 жылдар - «Кемер» агрофирмасының директоры.

1999-2001 жылдар – Ақтоғай аудан әкімінің орынбасары.

2001-2006 жылдар - Лебяжинский ауданының әкімі.

2006-2008 жылдар - Павлодар облысының ауыл шаруашылық департаментінің басшысы (басқарма басшысы).

2008-2009 жылдар – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2009-2012 жылдар – Петропавловск қаласының әкімі.

2012-2016 жылдар - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2016-2018 жылдар – Павлодар қаласының әкімі.

2018-2019 жылдар – Екібастұз қаласының әкімі.

2019 жылдың 2-ші қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің алтыншы сайланған депутаты.

«Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Астана 20 жыл» медельдарымен наградталған.

Үйленген, төрт баласы бар.

Жеке парағы