Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Көзжанова Майраш Сапарбекқызы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1979 жылы туған. Білімі жоғары.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, құқық негіздері және экономика пәнінің мұғалімі, халықаралық қатынастар саласындағы экономист, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

2013 жылы Дьюк Университетінің Санфорд мемлекеттік басқару мектебінде тағылымдамадан өтті.

2001-2003 жылдары – ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің жетекші маманы.

2003-2006 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаменті халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі.

2006-2017 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті директорының орынбасары, Қаржы департаменті директорының орынбасары, директоры, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры.

2017 жылы – ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2017-2020 жылдары – ҚР Мемлекеттік Хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.

2020 жылдың қаңтар айында ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.