Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
КАЗАНЦЕВ Павел Олегович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1960 жылдың 22 наурызында Томск қаласында туған, Ресей

1982 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «Автомобильдер және автошаруашылық» мамандығы бойынша үздік бітіген. 1986 жылы Ф.Э. Джерзинский атындағы КСРО МҚК Жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Целиноград облысындағы Қазақ ССР-і жанындағы Көлік министрлігінің аға инженері, ККҚ бастығы, ҚТ мен ЕҚ бойынша аға инженері, АКП-3 жүк автобасқармасының мастері болып бастады.

1986-1992 жылдар – Целиноград облысы бойынша МҚК Басқармасында қызмет.

1992-1995 жылдар – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің бөлім бастығы, өкілі, Ақмола облысы әкімшілігіндегі Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің өкілі.

1995-1997 жылдар – Ақмола қаласы әкімінің орынбасары.

1997-1998 жылдар – АЭА Әкімшілік Кеңес Төрағасы орынбасарының кеңесшісі.

1998-1999 – жылдар АЭА Экономикалық және әлеуметтік даму қоры директорының орынбасары, «Ақмола» қорының басқарма төрағасының орынбасары және инвестициялар бөлімінің бастығы.

1999-2007 – жылдар «Іскерлік бастамалар орталығы» консалтингтік компаниясының директоры.

2005-2007 – жылдар «CISCO» компаниясының Астанадағы өкілі.

2007-2010 – жылдар «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2010-2013 – жылдар «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты саяси жұмыстар, ұйымдастыру-саяси жұмыстар департаменттерінің директоры.

2014-2015 – жылдар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының даму бойынша менеджері, бағдарламаларды, іс-шараларды, сыртқы байланыстар мен коммуникацияны жоспарлау қызметінің жетекшісі;

2015-2016 – жылдар ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының орынбасары – жылдар ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және активтер департаментінің директоры.

2016 – 2021 – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

15.02.2021 - б.к. - ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

1999 - б.к. – Астана қаласы Кәсіпкерлер Ассоциациясының Президенті.

2011 - б.к. – Астана қаласы Парашют спорты Федерациясының Вице-президенті.

2012 - б.к. – Қазақстандағы джиу-джитсу Ассоциациясының Вице-президенті.

2012 - б.к. – Қазақстандағы ММА Ассоциациясының Вице-президенті.

2003-2007 – жылдар Астана қаласы Мәслихатының депутаты.

«Құрмет», «Ерен еңбек үшін» медальдарымен, «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызмет үшін» медалімен наградталған, мерекелік медальдары, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР белгісі, ведомстволық наградалары бар.

Ағылшын тілін жетік меңгерген.

Үйленген. Екі баласы бар.


Жеке парағы