Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
АБДЕН Қарақат Жақсылыққызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
ҚР Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі.
Отбасы:
Әбден Қарақат Жақсылыққызы 1974 жылы 7 мамыр күні Ақмола облысы Қорғалжын ауданы XXII партсъезд ауылында дүниеге келген. Әкесі – Әбденов Жақсылық Ыбырайұлы, құрылысшы, қазір зейнеткер. Анасы – Шалабаева Рысбала Молдашқызы, мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген, зейнеткер. Тұрмыс құрған, көп балалы ана.
Білімі:
1991 жылы Жезқазған облысындағы Жайрем ауылының №10 мектебін үздік бітірген. Мектептен кейін Алматы қаласының Халық шаруашылығы институтының «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясын «Өндірістік емес төлемдерді пайдаланумен жергілікті бюджеттердің кірістерін қалыптастыру» тақырыбында қорғады.
Мансабы және қоғамдық қызметі:
Еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында бастады. 10 жылдан астам Қазақстан Республикасы Салық комитетінің Орталық аппаратында жұмыс істеді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі директорының орынбасары қызметін атқарды.
Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымындағы депутаты және мәдени-әлеуметтік даму бойынша комиссия төрағасының орынбасары болған. Астана қаласы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша штаттан тыс кеңесшісі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып еңбек еткен.
«Сәбилер үйі» мамандандырылған мекемесінің және қалалық балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйіндегі 15 тәрбиеленушінің менторы және тәлімгері болған.
2022 жылы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қарақат Әбденнің кандидатурасы президенттік сайлауға ұсынылды. Сайлау қорытындысы бойынша 2,6 % көрсеткішпен үшінші орынды иеленді.
2023 жылдан бастап «Ауыл» ХДПП мүшесі болып табылады.
Экономиканы, әлеуметтік саланы дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін "Құрмет"орденімен марапатталған.

Жеке парағы