Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ШАТАЛОВ Никита Сергеевич
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1992 жылы 27 ақпанда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келген.

2010 жылы Қарағанды облысы, Шахтинск ауданы, Новодолинский кентінің №11 орта мектебін бітірген.

2010 – 2014 жж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «филология» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді.

04.2014ж. - 09.2016ж. – «КазМедиа Проект» Компаниялар тобы» ЖШС корректоры, Ақпараттық жолақтарының редакторы.

09.2016ж. – 04.2017ж. – «Ақпараттық ресурс» ЖШС SMM-менеджері.

05.2017ж. – 01.2019ж. – «Informburo.kz» Бас редакторы.

01.2019ж. – 10.2019ж. – «TALAP» Қоғамдық қорының медиаменеджеры.

10.2019ж. – 07.2020ж. – «Астана» Халықаралық қаржы орталығының медиа-шешімдер зертханасының аға менеджері.

08.2020ж. – 02.2021ж. – Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары.

05.2021ж. – 01.2022ж. – Еуразиялық интеграция институтының бас сарапшысы.

01.2022ж. – 03.2022ж. – Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы.

03.2022ж. – 03.2023ж. – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының ШЖҚ «Мониторинг және талдау орталығы» КМК директорының орынбасары, уақытша директорының міндетін атқарушы.

29.03.2023 жылдан бастап – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясынан партиялық тізім бойынша сайланды.

«Халық алғысы» медалімен, «Шапағат» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы