Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ӘУЕСБАЕВ Нұрлан Сатыбалдыұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
17 мамыр 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылында туған.

Білімі:

Ванновка гидромелиорация техникумы, «техник-механик» мамандығы;

М.Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «инженер-экономист» мамандығы;

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, «заңгер» мамандығы.

1975-1976 жылдары Шымкент қаласында «Қазақтехмонтаж» трестінде слесарь болып жұмыс істеді, содан кейін 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.

1979 жылы «Қазсельхозтехника» механик болып жұмыс істеп, жастар саясатына белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстармен айналысты, комсомол комитетінің меңгерушісі болды.

1981-1982 жылдары – Бәйдібек ауданы Жамбыл атындағы Кеншар комсомол комитетінің хатшысы.

1982-1990 жылдары – Шымкент қорғасын зауытының балқыту цехының механигі.

1990-1991 жылдары – «Қазақ тілі» ҚБ төрағасы.

1991-1993 жылдары – Наурыз кенті Кеңесінің төрағасы.

1994-1995 жылдары – Шымкент қаласы Абай ауданы Наурыз кенті әкімшілігінің басшысы.

1995-1996 жылдары – Шымкент қаласы Абай ауданы Наурыз кентінің әкімі.

2002 жылдан бастап қалалық әкімдіктің «Экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Сол жылдың наурыз айында Қызылжар ауылының әкімі болып тағайындалды.

2003 жылы Шымкент қаласының «Ішкі саясат және жастар басқармасын» басқарды.

2003 жылдың қыркүйегінде Астана қаласы бойынша ақпарат басқармасының «Талдау және тіл саясаты бөліміне» басшы болып ауыстырылды.

2004 жылдан бастап «Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар бөлімінің» басшысы болып жұмыс істеді.

2005 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «РМҚК шаруашылық басқармасы» автошаруашылығын басқарды.

2009-2012 жылдары – «Қуаныш-2030» ЖШС директорының орынбасары, объектілерді күзету бастығы.

2012-2020 жылдары – «Аристократ" күзет агенттігінің бас директоры.

2020 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қосылды.

2021 жылдан бастап ЖСДП елордалық филиалының төрағасы қызметін атқарды.

Жеке парағы