Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚОЖАНАЗАРОВ Айдарбек Асанұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1983 жылы 26 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген, білімі жоғары, 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Шотландиядағы Данди университетінде мұнай және газ жобаларын басқару магистрі дәрежесі бойынша оқуын аяқтады. 2023 жылы Гарвард бизнес мектебіне «Advanced program management» мамандығы бойынша оқуға түсті.
Еңбек жолын 2006 жылы қаржыгер, Islamic Banking басшысы болып бастады.
2009-2015 жж. – ҚХА Олжа холдингіне кіретін компаниялар тобында басшылық қызметтерін атқарған.
2015-2016 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2016-2017 жылдары - «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
2017-2019 жылдары - «Иволга-Холдинг» агрокомпаниясының бас директоры.
2019-2023 жылдары - Олжа Агро компаниялар тобының бас директоры.
*2020 - қазіргі уақытқа дейін - Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы.
2023 жылдың наурыз айынан бастап «Respublika» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланымның депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. «Respublika» партиясының Төрағасы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі партияның Фракция жетекшісі.
2017 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
2020 жылы – «Халық алғысы» медалі (COVID-19 індетімен күресте көрсеткен көмегі үшін);
2021 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталған
2022 жыл - «Құрмет» орденінің иегері.
Үйленген, сегіз баласы бар.

Жеке парағы