Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТҰРЛЫХАНОВ Дәулет Болатұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1963 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған.

Білімі: жоғары,

1984-1988 жж. Қазақ дене шынықтыру институтын, дене шынықтыру мұғалімі-тренер мамандығы,

1995-1999 жж. Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясын заңгер мамандығы,

2004-2005 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы,

2006-2010 ж. И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз

1. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясында педагогика ғылымдарының кандидаты. 1999 ж.

2. Қазақ дене шынықтыру институтының «Құрметті профессоры», 1998 ж.

3. РФ Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау проблемалары академиясының академигі, 2005 ж.

4. Сеул дене шынықтыру және спорт академиясының докторы, Корея Республикасы, 2007 ж.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті педагогика кафедрасының профессоры, 2011ж

6. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, 14 қараша 2014 ж.

Жұмыс тәжірибесі:

1986-1993 жж ҚазССР министрлер кеңесі жанындағы Дене шынықтыру және спорт Комитетінде - спортсмен инструктор.

1993-1994 жж «Дәулет» кәсіби спорт клубында – Президент.

1994-1995 жж. XII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Құқықтық реформа, құқық тәртібі комитетінің Қоғамдық бірлестіктермен және баспасөзбен байланыстар жөніндегі кіші комитетінің төрағасы.

1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылым депутаты.

1996-2000 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылым депутаты - Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы.

2000-2004 жж. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі – төраға.

2000-2006 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт комитеті – төраға;

2010-2012 жж. «Самұрық-Қазына – Астана» корпоративтік қоры, бас директор;

2012 жылдан «DANAKE» корпорациясы ЖШС – Құрылтайшысы;

2006 жылдан «СемАЗ» ЖШС – директорлар кеңесінің төрағасы.

2023 жылғы наурыздан бастап ҮІІІ шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Марапаттары:

- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы, 1986 ж.

- КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері 19.03.1986 ж.

- КСРО-ның «Еңбек ерлігі үшін» медалі 1988 ж.

- «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы 20.08.1989 ж.

– Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы – 1993 ж.

– Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі 1994 ж

- «Қырғыз Республикасының грек-рим күресінен еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы 13.09.1996 ж.

- «Қазақстан Республикасының грек-рим күресінен еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы 15.02.1997 ж.

- 1997 жылы Қырғызстанда олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Олимпиада ордені.

– Қазақстан Республикасының «Астана» медалі 1998 ж

- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы 12.10.2000 ж.

- «Қазақстан Республикасындағы туризмді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісі, 2002 ж.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Алтын ордені мен құрмет белгісі - 2003 ж.

- «Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері» Құрмет белгісі - 2004 ж.

- 1-дәрежелі Ұлы Петр ордені (Ресей Федерациясы Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау мәселелері академиясы Президиумының 2004 жылғы 1 қарашадағы «112» қаулысы). - 2004 ж

- «Қазақстан Республикалық Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі, 2006 ж

- «Құрмет» ордені, желтоқсан 2009 ж

- «Парасат» ордені, желтоқсан 2016 ж

- «Алтын мангуст» Алтын ордені – спорттағы сіңірген еңбегі мен жетістіктері және елдер арасындағы достықты нығайту үшін халықаралық спорттық марапат, қараша 2018 ж.

- Моңғолия Республикасының «Достық ордені» мемлекеттік наградасы, наурыз 2019 ж

- III дәрежелі «Барыс» ордені, сәуір 2022 ж

Отбасылық жағдайы – үйленген, 6 бала, 4 немересі бар.

Жеке парағы