Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТОЛЫҚБАЕВ Мақсат Мәлікұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1988 жылы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Күршім ауылында туған.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

2016 жылы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітіріп, әлеуметтану ғылымдарының магистрі атанған.

2020 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген.

2009-2010 жж. «31 арна», «Замандастар» бағдарламасында жүргізуші, редактор қызметтерін атқарған.

2011-2019 жж. «31 арна», «Информбюро» жаңалықтар қызметінде тілші, диктор, редактор (Алматы)

2019-2020 жж. «Евразия» бірінші арнасы, «Басты бағдарлама» апталық-сараптамалық хабарында жүргізуші, редактор (Астана)

2020-2022 жж. «Qazaqstan» PTPK АҚ, «Ашық алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуының жүргізуші-продюсері болып қызмет еткен.

2022 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Біздің мақсат» саяси-қоғамдық ток-шоуының жүргізушісі (Астана)

«Құрмет» орденінің иегері (2021)

Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы грантының иегері (2021)

«Үздік тележүргізуші-2016», «Халық сүйіктісі-2020», «Адал тұлға-2021» номинациясының жеңімпазы.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап - партиялық тізім бойынша сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Үйленген, үш баласы бар.

Жеке парағы