Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТАУ Нұргүл
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы
1973 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген.

1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі-бастауыш сынып мұғалімі.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі-саясаттанушы-оқытушы.

2011 – 2014 ж. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Магистратура Мамандығы: Білім саласындағы басқару (MA in Education, University of Sheffield, United Kingdom)

15.10.2021 – 01.10.2022 ж. «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдама. Мамандығы: Мемлекеттік басқару (Internship program, Sol Price School of Public policy, University of Southern California, USA)

Еңбек жолы:

2000-2002 жылдары - Алматы қаласы, Қазақстан-Ресей инженерлік-экономикалық колледжінің кадр бөлімінің инспекторы.

2006-2008 жылдары - Алматы қаласы Білім департаментінің тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы.

2008-2015 жылдары - Алматы қаласы Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің бас маманы.

2015-2021 жылдары - Алматы қаласы Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы.

2022-2023 жылдары - Алматы қаласы Білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы. Тұрмыста, ұлын тәрбиелеп отыр.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Жеке парағы