Жеке парағыӘБІЛ Еркін Аманжолұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі 1969 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысында туылған.
Білімі жоғары:
1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Тарих ғылымының докторы, профессор.
Еңбек жолы:
1992-2009 жж. – Қарағанды жоғары милиция, Қостанай милиция мектептерінің оқытушысы (ІІМ Академиясы).
2009-2016 жж. – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстары мен шетел байланыстар бойынша проректоры.
2016-2020 жж. – Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.
2020-2023 жж. – Мемлекеттік тарих институтының директоры.
27.03.23 ж. – сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Марапаттары: Мерейтойлық медальдары «Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл».
Төс белгі: «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»; «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметіне сіңірген еңбегі үшін».
Университеттің 2014 жылғы үздік оқытушысы.
Ғылыми, әдеби еңбектері, Жарияланымдар:
22 монография, 26 оқулықтар мен оқу құралдарының, ISI, Scopus базасына енгізілген журналдардағы 7 мақала, 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгереді.Жеке парағы