Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
БАҚҚОЖАЕВ Анас Ахатұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
08.08.1980 ж. Жетісу облысының тумасы. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары. Парламент Мәжілісінің 8 шақырылымының депутаты Ауыл шаруашылығы мен экономика салаларының эксперті.

2001 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін «Инженер-механик» мамандығы, 2021 жылы С.Сейфуллин ат. Қазақ Агротехникалық Зерттеу Университетінің магистратурасын «Экономика» саласы бойынша білім алған. Студенттік шақта Қазақстан Республикасының Президенті, Алматы облысы әкімі және Академик Сахаров степендияларының иегері болған.

Агроөнеркәсіп кешенінде 20 жылдан аса еңбек өтілі бар. Оның әртүрлі бағыттарында (мекемелерінде) басшылық қызмет атқарған. Асыл тұқымды малдың есебін жүргізу бойынша (ИАС) және бірқатар ақпараттық жобалардың авторы. Кооперативтерді құру бойынша ерекше моделі мен кейсі бар. «Отбасы кодексі» кітабының, «Дәуір дәрісі» мультимедиалық құралының соавторы. 2018-2022 аралығында Қазақ радиосында «Аграрлы Қазақстан» хабарын жүргізген.

Еңбек жолы:

2001-2003 – ҚР Ауыл шарашылығы министрлігі (бас маман)

2003-2009 – «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамы (департамент директоры)

2009-2011 – Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының бас директоры

2012-2013 – «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарушы директоры

2013-2015 – «ҚазАгроӨнім» АҚ-ң Басқарма Төрағасының орынбасары

2015-2016 – Қарағанды қаласындағы ет өңдеу комбинатының директоры

2016-2017 – «Атамекен» ҰКП «Агробіліктілік» орталығының эксперті

2017-2018 – «Асыл Түлік» АҚ-ң Басқарма Төрағасы

2019-2020 – «БиоПрофи» компаниясының директоры

2020-2022 – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының хатшысы, Саяси кеңесі Президиумының мүшесі

2022 ден бастап «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары.

2022 ден бастап Парламент Мәжілісінің 8 шақырылымының депутаты

Жеке парағы