Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
БАПИ Ермұрат Сейтқазыұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1959 жылдың 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында туды, үйленген, 7 баласы бар.

БІЛІМІ – ЖОҒАРЫ:

Қазақ мемлекеттік университетінің (Алматы қаласы) журналистика факультетін 1985 жылы бітірді, мамандығы «журналист».

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

1976-1977 жылдары Зайсан аудандық (ШҚО) «Достық» газеті – корреспондент;

1985-1990 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде (қазіргі «Дидар») корреспондент, аға корреспондент, жаңалықтар бөлімінің меңгерушісі;

1990-1993 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің коррепонденті;

1993-1995 жылдары Қазақстан Республикалық телерадио корпорациясында «Қазақ Радиосы» бас директорының орынбасары;

1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;

1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері Одағында президенттің (Әкежан Қажыгелдин) кеңесшісі;

1999-2004 жылдары «СолДАТ» газетінің шығарушы (издатель), бас редакторы;

2004-2008 жылдары «Қазақстанның тәуелсіз ақпарат тарату» Қоғамдық бірлестігінде директор;

2008-2009 жылдары «ДАТ – Тасжарған» газетінің шығарушысы;

2010-2021 жылдары «ДАТ – Общественная позиция» газеті - бас редактордың кеңесшісі, бас редакторы;

2023 жылғы 29 наурыздан – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС:

1990 - 1993 жылдары. «Тайқазан» ақпараттық-жарнамалық радиосын құру;

1997 –1998 жылдары «ДАТ» қоғамдық-саяси газеттер жобасын құру және оған басшылық жасау;

1998-1999 жылдары «ДАТ – Ақбота», «ДАТ – Колесо», «ДАТ – Иртыш» газеттерін астыртын шығарып тұрды;

2004 –2008 жылдары «ДАТ – Айна-плюс», «ДАТ – Жұма таймс», «ДАТ – Сегодня-Бүгін» газеттерін шығарушысы.

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС:

2022 жылғы маусымнан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі.

Жеке парағы