Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
СҰҢҚАР Ислам Еркінұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1995 жылы 12 шілдеде Павлодар облысының Қашыр ауданы Фрументьевка ауылында дүниеге келген, қазақ.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Филология» мамандығы бойынша аяқтаған (2017 жылы), Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыды (2018 жылы), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алған (2019 жылы).

Еңбек жолын «Сана» қоғамдық қорында интервьюер болып бастаған (2014-2015 жылдары), «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Астана қалалық филиалында жауапты ұйымдастырушы (2016-2019 жылдары), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының қоғамдық көмекшісі болған (2018-2021 жылдары).

2019 жылы Астана қаласындағы А.Қ.Қусайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы болды.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Орталық комитеті хатшысының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі болды.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының медиа қолдау және баспа қызметі бөлімінің жетекші сарапшысы болды.

2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№59 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2022 жылғы маусымынан 2023 жылғы наурыз айы аралығында «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Орталық аппараттың ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2023 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Қазақстан Халық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (2022 жылдан бастап) және Бюро мүшесі (2023 жылдан бастап).

ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі (2023 жылдан бастап)

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ жастар қанатының жетекшісі (2023 жылғы қазан айынан бастап).

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған (2022 жылы).


Жеке парағы