Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
СМАҒҰЛОВ Бауржан Әміржанұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Хатшысы
1963 жылы 11 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ.

Білімі: жоғары медициналық, жоғары экономикалық, техникалық. Техника ғылымдарының кандидаты.

1986 жылы Қарағанды медициналық институтын бітіріп, дәрігердің біліктілігі берілді.

1996-1998 жылдар аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша оқыды. Оқу қорытындысы бойынша «экономист-менеджер» біліктілігі берілді.

2004-2007 жылдары Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясында «Менеджмент, Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша оқыды.

2005 - 2008 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін бере отырып оқыды.

Еңбек жолын 1986-1990 жылдары қалалық клиникалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында нейрохирург-дәрігер болып бастаған.

1990-1995 жылдар аралығында Мәскеу қаласында Академик Н.Буденко атындағы Нейрохирургия институтының клиникалық ординатурасында оқыды.

1995-1996 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

1996-1997 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі, кейін кеңесшісі болып жұмыс істеді.

1997-2000 жылдары Қарағанды қаласында «Жекешелендіру және инвестициялар бюросы» ЖШС маркетинг бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2000-2003 жылдары «Болашақ» өзекті білім беру институтының «Халықаралық экономика» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2003 жылы «Мақсат –С» ЖШС директоры болды.

2003-2005 жылдары «Астана Конструктив» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2005 жылы Қарағанды облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарды. Бұл қызметте 2008 жылға дейін жұмыс істеді.

2008-2010 жылдар аралығында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экологиялық департаментінің бастығы болды.

2010-2012 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 2012-2013 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары болды.

2013 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2023 жылдың наурызына дейін «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Басқарма төрағасы болды.

«Құрмет» орденімен, «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «ҚР Конституциясына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Жеке парағы