Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
САУРЫҚОВ Ерболат Байұзақұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1971 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1978-1988 жылдары Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алған.

1989-1994 жылдары аралығында Жамбыл педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2009-2011 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын үздік дипломмен аяқтап, өзінің алғашқы ғылымдағы жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының ғылыми ізденушісі ретінде бастаған.

1995-1998 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күндізгі бөлім аспиранты және Президенттік стипендияның иегері.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Салыстармалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

1998-2000 жылдары университет жанындағы «Көне түркі жазба ескерткіштері» ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми қызметкер және «Жалпы тіл білімі» кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.

2000-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі және осы кезең аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.

2001-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тест орталығы» және «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, ал, 2006-2010 жылдары А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтында «Құқықтану және тарих», «Филология» факультеттерінің деканы, институт директорының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының жанындағы диссертациялық кеңесте «Түркі тілдерінің тарихы» бағыты бойынша докторлық диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми атағын иеленді.

2011-2012 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры қызметін атқарды.

2012-2022 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің (қазіргі Халықаралық Тараз инновациялық институты) ректоры болды.

2023 жылғы наурыздан бастап - VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Өскелең ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру мен тәрбиелеу және өңірдің әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайының жақсаруына қосқан үлесі үшін мынадай мемлекеттік және өзге де марапаттарды иеленген:

«Сапа үшін еуропалық гран-при» Женева, 2014ж.

«Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы», 2014 ж.

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2015ж.

«Ерен еңбегі үшін» медалі, 2015ж.

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 2016ж.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, 2016 ж;

«Тараз қаласының Жыл адамы-2017».

Республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясының лауреаты, 2018 ж.

ҚР «Жыл патриоты», 2018 ж.

ЖОО қауымдастығының «А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медалі», 2018 ж.

«Тараз қаласының Құрметті азаматы», 2019 ж.

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі, 2020 ж.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, 2021 ж.

«Құрмет» ордені, 2022 ж.

Отбасылы. 4 бала, 2 немере тәрбиелеуде.

Жеке парағы