Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
БЕЙСЕНҒАЛИЕВ Берік Тұрсынбекұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1966 жылы 12 ақпанда Қостанай облысында дүниеге келген.

Білімі:

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «қаржы және кредит» мамандығы бойынша (1983 – 1990, үздік дипломмен);

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы аспирантура, Экономика ғылымдарының кандидаты (1983 – 1990);

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша (1997 – 2000);

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің докторанурасы, Экономика ғылымдарының докторы (2008 – 2012);

Гарвард бизнес мектебі, Басқарудың жалпы бағдарламасы (Harvard Business School, Бостон, АҚШ, 2017 – 2018).

1985 – 1987 жылдары Кеңес Әскері қатырында әскери қызмет өткерген.

Еңбек жолын 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушысынан бастаған.

1996 – 2006 жылдары банк жүйесінде, соның ішінде «Әлембанк» облыстық басқармасы директорының орынбасары (Қарағанды, 1996-1997 жж.), «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Ақмола филиалының директоры (Астана, 1998-2001 жж.), «АТФБанк» ААҚ басқарушы директоры, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары (Алматы, 2004 – 2006 жж.).

2006 жылдан 2009 жылға дейін «Аstana Capital Investment Group» ЖШС Бас директоры лауазымын атқарған.

2009 жылдан 2011 жылға дейін «ҚазАгро» ҰБХ басқарма Төрағасының орынбасары, Төраға.

2012 жылдан бастап 2018 жылғы мамыр аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі лауазымдарын атқарған.

2018 – 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық вице-министрі.

2021 жылдан 2023 жылға дейін – Esil University (бұрынғы Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық сауда университеті) Директорлар кеңесінің Төрағасы.

Экономика ғылымдарының докторы, «Экономика» мамандығы бойынша профессор.

Үйленген, төрт баланың әкесі.

«Құрмет» орденімен;

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен;

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен;

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Қостанай облысы «Жангелдин ауданының құрметті азаматы».

Жеке парағы