Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
БЕКСУЛТАНОВ Кұдайберген
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1956 жылы 17 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының «Шахтёр» совхозында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.
1976 жылы Қарағанды қаласындағы №139 кәсіптік-техникалық училищені «электр жөндеуші» мамандығы бойынша бітірген;
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген;
2013 жылы Қарағанды жекеменшік «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі
Еңбек жолын 1976 жылы Целинная темір жолының 10-Қарағанды дистанциясынан бастады, ақауларды анықтайтын арба операторының көмекшісі болып жұмыс істеді;
1978-1984жж.- №139 Қарағанды қалалық кәсіптік-техникалық училищесінің өндірістік оқыту шебері;
1984-1988жж.- №30 Қарағанды ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінің өндірістік оқыту шебері;
1988-1993жж.- №26 Қарағанды ауылдық кәсіптік-техникалық училищесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
1993-1993жж.- №26 Қарағанды ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры міндетін атқарушы;
1993-1996жж.- №26 Қарағанды ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры;
1996-1999жж.- №26 Қарағанды кәсіптік-техникалық мектебінің директоры;
2011-2016жж. - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі.
Сайланған лауазымы, депутаттығы
1996 жылдан бастап 1-сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды;
1999-2003жж. - II сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы;
2003-2007жж. - III сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы;
2007-2011жж. - IV сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, хатшысы;
2016 жылы - VI сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, хатшысы;
2021-2023жж. - VII сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, хатшысы;
29.03.2023 бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2011); «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005); «Төтенше жағдайлардың алдынан алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі (2005); «ҚР Парламентіне 10 жыл» медалі (2006); «Астанаға 10 жыл» медалі (2008); «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі (2015); «Астанаға 20 жыл» медалі (2018); «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы (2009); Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты (2011).
Қ.Бексұлтанов үйленген, үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Жеке парағы