Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
САЙЛАУБАЙ Наурыз Саятұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1994 жылы 4 наурызда Жетісу облысы (Алматы облысы), Ақсу ауданы, Көкжайдық ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары: 2011-2015 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

18.01.2017-18.07.2018 ж.ж. – Облыс аумағында діни мәселелерді зерделеу және діни инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің, Көксу ауданы бойынша инспекторы.

18.07.2017-01.06.2018 ж.ж. – «Алматы облысы жастар ресуртық орталығы» КММ-нің филиалы «Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығы» мекемесінің кеңесші маманы.

01.06.2018-28.03.2019 ж.ж. – «Алматы облысы жастар ресуртық орталығы» КММ-нің Рухани адамгершілік, құқтық тәрбие беру бөлімінің кеңесші маманы.

01.04.2019-15.02.2021 ж.ж. – «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Респуликалық штабы» Алматы облысы бойынша I-дәрежелі менеджері.

01.06.2022-15.09.2022 ж.ж. – «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы «Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығы» жетекшісі.

18.09.2022-27.03.2023 – «Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің директерының орынбасары.

2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "ЖСДП" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Үйленген, бір баласы бар.

Жеке парағы