Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ДАЙРАБАЕВ Жигули Молдақалықұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
Туылған күні: 29.10.1954г.
Ұлты: қазақ
Отбасылық жағдайы: Үйленген. Үш ұлы, тоғыз немересі бар
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы берілген.
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, Тұрар Рысқұлов ауданының құрметті азаматы» атағы берілген.
ҚР президентінің 14 маусым, 2022 №930 жарлығымен құрылған «ҰЛТТЫҚ ҚҰРҰЛТАЙ» мүшесі.
Білімі – жоғары:
Қазақ ауылшаруашылығы институты, Алматы қаласы, ғалым агроном.
Агроөнерәсіптік комплекс жоғарғы мектебі, Алматы қаласы
Жұмыс тәжірибесі:
1971-1972: Қойшы көмекшісі, «Коммунизмге жол» колхозының машина жүргізушісі.
1972-1974: Қарулы күштер қатарында қызмет еткен, запастағы офицер
1974-1977:Луговое ауданы «Коммунизмге жол» колхозы комсомол комитетінің хатшысы
1977-1977: желтоқсан: Луговое аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы
1977-1980: Луговое ауданы «Коммунизмге жол» колхозы кәсіподақ комитетінің төрағасы
1980-1984: Каменск ауылдық атқару комитетінің төрағасы;
1984-1985: Қазақ КСР партиясының Луговое аудандық комитетінің нұсқаушысы;
1985-1987:Луговое ауданы «Алғабас» совхозы партия комитетінің хатшысы;
1987-1995: Луговое ауданы, Жамбыл атындағы колхоздың басқарма төрағасы;
1995 ж. – 1995 ж. Желтоқсан: Т.Рысқұлов Ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
1995-1997: «Қорағаты» кеңшарының директоры;
1997-2001: Т.Рысқұлов аудандық статистика басқармасының бастығы;
2001-2009 : Шу ауданы «Берлік» ХӨП директоры, Мерке ауданы «Қазексім-Мерке» ЖШС директоры;
2009 – 2015: «MOLBAL» ЖШС бас директоры
2015-2019: «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы
2019 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ президенті.
2020 жылдың маусымынан бастап Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы.
2022 жылғы маусымнан бастап «АТАМЕКЕН» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешенінің комитет төрағасы.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ауыл» ХДП төрағасының орынбасары (партияның 2022 жылғы 23 желтоқсандағы съезінде сайланған)
Қосымша ақпараттар:
– 1990-1995 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің (ХІІ шақырылым) депутаты болып сайланды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде тарихи құжат – Тәуелсіздік Декларациясын қабылдауға қатысты. Қазақстанның 1991 жылғы, Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы 28 қаңтардағы Тұңғыш Конституциясы мен Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін (елтаңба, ту және әнұран) бекітуде, 300-ден астам заңдар мен басқа да негізгі заңнамалық актілерді әзірлеу мен бекітуде Қазақстан Республикасының актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін сайлауға қатысты.
- 2021 жылы Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды (Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың бастамасымен құрылған, комиссия төрағасы – Қазақстан Республикасы Үкіметі Төрағасының 1 орынбасары).
- Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған: медальдар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «ҚР Еңбек ардагері», «Құрметті ардагер», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «ҚР Ауыл шаруашылығының үздігі» және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, т.б.
- Жалпы еңбек өтілі 52 жылдан астам, оның 49 жылы басшылық қызметте.

Жеке парағы