Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
СӘДІБЕКОВ Ұласбек
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, «Қайнар» университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын орта мектепті бітіргеннен кейін 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Алғабас ауылында «Алғабас» мал бордақылау бірлестігінде жұмысшы болып бастады.

1986-1987 жылдары Кеңес әскерінің қатарында қызмет етті

1992-1993 жылдары - Ақмола қаласының Жастар істері бойынша қалалық комитетінің төрағасы

1993-1994 жылдары - Алғабас ауданының ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы

1994-1996 жылдары - Алғабас ауданы жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы

1996-1998 жылдары – «Жетіген» ЖШС-нің директоры, Шымкент қаласы

1998-2002 жылдары – Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы

2002-2004 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік – мәдени кешен бөлімінің меңгерушісі

2004-2005 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы

2005-2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры

2006-2007 жылдары –Бәйдібек ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы

2007-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі

2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

«Құрмет» орденімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы.

Үйленген, бес баласы бар.

Жеке парағы