Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны


ЖАЙЫМБЕТОВ Мархабат Жайымбетұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1965 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданының Аранды ауылында дүниеге келген.

1984 жылы - КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің Қызылорда политехникумы.

1989 жылы - Волгоград Ауыл шаруашылығы институты.

2004 жылы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

2009 жылы - Йорк университеті.

1993 – 1998 жылдар – «Южнефтегаз» АҚ бас энергетигі, бөлімнің инженер-энергетигі, электрмен жабдықтау және электр жабдықтары бөлімінің бастығы, бас энергетигі (Қызылорда қ.);

1998 – 2003 жылдар - «Харрикеин Құмкөл Мұнай» ААҚ бас энергетигі, бастықтың бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жерасты жөндеу объектілері жөніндегі орынбасары, энергетика және өндірісті автоматтандыру цехы бөлімінің бастығы (Қызылорда қ.);

2003 – 2005 жылдар – «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» ААҚ энергетика және өндірісті автоматтандыру цехы бөлімінің бастығы (Қызылорда қ.);

2005 – 2008 жылдар - қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (Қызылорда қ.);

2008 – 2014 жылдар - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі, Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі (Қызылорда облысы);

2014 – 2015 жылдар - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (Астана қ.);

2015 – 2021 жылдар - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы (Нұр-Сұлтан қ.);

2021 – 2022 жылдар - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хатшылығының кеңесшісі (Нұр-Сұлтан қ.);

2022 – 2023 жылдар - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі (Қызылорда қ.);

2023 жылғы наурыздан бастап - бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі, «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалі, «Парасат» ордені, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі.

Үйленген, төрт баласы бар.