Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ЗЕЙНУЛЛИН Аян Талғатұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1989 жылы 4 сәуірде Қарағанды облысының бұрынғы Тельман ауданы Токаревка ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2011 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дипломын алды.
2011 жылдың тамыз айынан бастап – «ХПП Анар» ЖШС жабдықтау жөніндегі менеджері;
2014 жылдың сәуір айынан бастап – «ХПП Анар» ЖШС коммерциялық директоры;
2018 жылдың ақпан айынан – «Аян Диірмендік-макарон комбинаты» ЖШС атқарушы директоры;
2020 жылдың тамыз айынан бастап – «AiZet Farms» ЖШС атқарушы директоры;
2021 жылдың қазан айынан бастап – «AiZet Farms» ЖШС бас директоры;
2023 жылдың қаңтар айынан бастап – «Астана Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі» өндірістік кооперативінің өндірістік мәселелер жөніндегі директоры;
2021 – 2023 жылдары Ақмола облысы мәслихатының VII шақырылымдағы «Ауыл» «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша депутаты;
2023 жылғы 28 наурыздан бастап - VІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы