Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
РОЖИН Максим Николаевич
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1983 жылдың 11 қазанында Алматы облысы Қаскелең қаласында туған.

Білімі-жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кәсіптік оқыту» мамандығын бітірді, сонымен қатар осы жоғары оқу орнында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алды.

Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар.

Еңбек жолын 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Жастар ісі жөнінде комитет төрағасы ретінде бастады.

2006 ж. - «Астана» арнасына жаңалықтар дикторы

2009 ж. - «7 арна» телеарнасына апталық – сараптамалық бағдарламасының тілшісі

2012 ж. - «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті сарапшы

2014 ж. - «Қазавтожол» ҰК АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы.

2015 ж. - «Қазаэронавигация» РМК баспасөз хатшысы.

2016 ж. - ҚР АҚДМ «Орталық коммуникациялар қызметі» РМУ Коммуникация бөлімінің жетекшісі.

2016 ж.- Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жастар корпусын дамыту жобасы» үйлестіру агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы.

2019 ж. - «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ PR кеңесші

2020 ж. - «Ел үміті» - өзгерістерді басқару бағдарламасында Медианы дамыту бағыты бойынша сарапшы (қоғамдық жұмыс).

2020 ж. - «Kazionform» ХАА Басқарма төрағасының кеңесшісі / ҚР АҚДМ ресми өкілі, министр кеңесшісі.

2021 - 2022 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (қоғамдық жұмыс).

2021 ж. - Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті (қоғамдық жұмыс).

2022 ж. - ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі (қоғамдық жұмыс).

2023 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Жеке парағы