Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ЕСКЕНДІРОВ Мұқаш Зұлқарнайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1960 жылы Шымкент облысы, Сайрам ауданы, Черноводск (Қарасу) ауылында туған. Ана тілі – қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерге.

Білімі: жоғары, 1982 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын «Органикалық емес және минералды тыңайтқыштар технологиясы» мамандығы бойынша аяқтаған. Аталған институт жанында әскери кафедрасын аяқтап, запастағы аға лейтенант атағы берілген.

Өзінің еңбек жолын институтты тәмамдағаннан кейін 1982 жылы Жамбыл (Тараз) қаласына Жаңа Жамбыл фосфор зауытына жас маман ретінде жолданып, сары фосфор өндіру №5 цехының ауысым шебері болып бастаған. 1986 жылы сары фосфор өндіру №5 цехының басшысы болып тағайындалады. 1988 жылы зауыттың партия ұйымының хатшысы болып сайланады және ол жерде 1990 жылға дейін қызмет атқарған. 1990 жылы №4 сары фосфор өндіру цехының бастығы қызметіне тағайындалды. 1992-1996 жылдары ЖаңаЖамбыл фосфор зауыты бас директорының тауар өткізу және сыртқы экономикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1996-1998 жылдары «Арго» ЖШС-нің Бас директоры, 1998-1999 жылдары «ЖаңаЖамбыл фосфор зауыты» өндіріс кооперативінің директоры.

1999 жылдан «Қазфосфат» ЖШС құрылғаннан кейін «Қазфосфат» ЖШС-і (ЖЖФЗ) филиалының директоры. 2000 жылы Компаияның Маркетинг және сату департаментінің директоры (Алматы қаласы), ал 2002 жылдан бастап «Қазфосфат» ЖШС Басқарма төрағасының маркетинг және тауар өткізу жөніндегі орынбасары, 2005-2021 жылдары «Қазфосфат» ЖШС-нің Бас директоры қызметтерін атқарды.

М.З.Ескендіров «Қазфосфат» ЖШС-нің сары фосфор ауысым шеберінен бастап компанияның Бас директоры қызметіне дейінгі барлық өндіріс сатыларынан өткен.

Қазақстанның Еңбек Ері. Жамбыл облысының, Тараз қаласының, Жамбыл ауданының, Түркістан облысы Сайрам ауданының Құрметті азаматы атақтарына ие.

Төмендегі мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Наградалары:

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі – 2005 жыл;

«Құрмет» ордені – 2008 жыл;

Қазақстан Республикасының 20 жылдық Тәуелсіздігіне арналған медалі – 2011 жыл;

«Парасат» ордені – 2013 жыл;

Фосфор өндірісінде 30-жылдан артық еңбегі үшін «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төс белгісі - 2013 жыл;

Жылдың үздік рационализаторы номинациясы бойынша 1-ші орын – 2013 жыл;

Нұр Отан партиясының медалі «Ерен қызметі үшін» - 2014 жыл;

Қазақстан Республикасы Мәслихатының 20 жылдығына арналған медалі – 2014 жыл;

Қазақстан Республикасының Құрметті инженері – 2014 жыл;

«За заслуги перед химической индустрией России» I дәрежелі № 380 ордені;

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерекелік медалі – 2015 жыл;

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі – 2015 жыл;

Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік медалі – 2015 жыл;

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалі – 2015 жыл;

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды – 2015 жыл;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі – 2016 жыл;

«Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі – 2017 жыл;

«Астана 20 жыл» мерекелік медалі, Бауыржан Момышұлы «Батыр шапағаты» төс белгісі, «Елеулі еңбегі үшін» «Еңбек Даңқы» ордені, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі – 2018 жыл;

«Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» - 2019 жыл;

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі, «Халық алғысы» медалі – 2020 жыл.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі – 2021 жыл.

Атқарған қоғамдық қызметтері:

Қазақстан Республикасы Ассамблеясының мүшесі;

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының мүшесі;

«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі;

«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңес бюросының мүшесі;

«Amanat» партиясы жанындағы Өңірлік дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы;

Жамбыл облыстық мәслихатының бесінші, алтыншы және жетінші шақырылымдарының депутаты, Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының аймақтық кеңесінің төрағасы;

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органының төрағасы;

Атақтары:

«Білім меценаты-2012 жыл»;

Жылдың үздік рациоанализаторы;

ҚР-ның Құрметті инженері;

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры;

Үйленген, екі баласы және 12 немересі бар.

Жеке парағы