Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
КЕРІМБЕК Болат Бақбергенұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1982 жылы 30 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

- 2004 жыл – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, «Тарих, құқық және экономика» мамандықтар бойынша бітірген;

- 2010 жыл - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген;

- 2010 жыл - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, «Саяси институттар, процестер және технологиялар» мамандығы бойынша бітірген (аспирантура);

- 2018 жыл - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті, «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірген (магистратура).

Еңбек жолы.

Еңбек жолын 2003 жылдың 01 қаңтарынан «Отан» партиясының Талдықорған қалалық өкілдігі» есеп және статистика секторының меңгерушісі қызметінен бастады. Одан кейінгі қызмет жолы Астана қаласында жалғасты.

2005 жылдың 01 наурызынан «Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

2013-2020 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ішкі саясат бөлімінде сарапшы, консультант, соңғы бір жылда инспектор болып жұмыс істеді.

2020 жылдың 12 қазанынан 2022 жылдың 13 қаңтарына дейінгі аралықта «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ басшысы қызметінде жұмыс атқарды.

2022 жылдың 25 қаңтарынан 2023 жылдың 28 наурызына дейінгі аралықта «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы қызметінде жұмыс атқарды.

2023 жылдың 29 қаңтарынан бастап – «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша VІIІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтой медалі, «Қазакстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтой медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің иегері.

Жеке парағы